/KASE, 25.08.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "BRBAPK" ЖШС (Алматы)
KZ2P00009905 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, BRBKb1)
облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақытымен)
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
-------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00009905
KASE сауда-саттық коды: BRBKb1
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 500 000 000
– орналастырылған: –
Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша жүзеге асқан алғашқы
сауда-саттық күні
Айналыстың соңғы күні кейінірек анықталады
Өтеудің алғашқы күні кейінірек анықталады
Айналыста болу мерзімі: 5 жыл (1 800 күн)
Купон мөлшерлемесі жылдық 20,50 %
Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет
Купонды төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: 30 / 360
---------------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні: 25.08.23
Жарияланған орналастыру көлемі 500 000 000
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–11:00
Кесім уақыты: 14:30 (Т+0)
Төлем уақыты: 25.08.23, 14:30
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына
тең немесе одан төмен
өтінімдер кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қарсылама өтінімдерді
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қабылдау уақыты бойынша
Сауда-саттық бастамашысы "Банк ЦентрКредит" АҚ
еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ
-------------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне
тең немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Мәміленің көлемі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf сілтемесі
бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес
есептеледі.
Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді
"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген
уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі сілтеме бойынша мына
жарияланды
https://kase.kz/ru/membership
Сауда-клирингілік жүйелерде Сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/BRBKb1/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-08-25]