/KASE, 23.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Қаражыра" АҚ (Семей) 2023 жылдың 11 тамызында өткен акционерлерінің
жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- 2022 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік бекітілсін;
- компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу және
таза кірісті компанияның иелігінде қалдыру.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KZHR/kzhr_special_shareholders_meeting_results_110823_25.pdf
[2023-08-23]