08 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp.
US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
08.08.23 11:37
/KASE, 08.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 08 тамызынан
бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын
репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 07 қыркүйекте
және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 (сектор
"KASE Global", NEM_KZ) жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын
хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың
07 қыркүйектен көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына айланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 11 қыркүйегiнен бастап
қайта басталады.
[2023-08-08]