07 тамыздан бастап KASE-де US20825C1045 (COP_KZ) ConocoPhillips
жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
07.08.23 10:30
/KASE, 07.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 05 мамырынан
бастап KASE олармен жасалған репо операциялар бойынша орталық контрагент
функцияларын атқаратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 16 тамызына және
одан кейінгі күндерге сәйкес келетін Apple Inc. US20825C1045 ("KASE Global"
секторы, COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының
11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 16 тамызында
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 18 тамызынан бастап қайта
жалғастырылады.
[2023-08-07]