31 шiлдеден бастап Қазақстан қор биржасында Exxon Mobil Corporation
US30231G1022 (XOM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
31.07.23 12:29
/KASE, 31.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31
шiлдеден бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын
репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 16
тамызына және одан кейінгі күндерге келетін Exxon Mobil Corporation (АҚШ)
US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акцияларымен сауда-
саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 16 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 18
тамызынан бастап қайта басталады.
[2023-07-31]