31 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation
US4581401001 (INTC_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
31.07.23 12:28
/KASE, 31.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылғы 31 шілдеден
бастап KASE олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге
асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 07 тамызына және одан
кейінгі күндерге келетін Intel Corporation (АҚШ) US4581401001 ("KASE
Global" секторы, INTC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылғы 07 тамызда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу
үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылады.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың
09 тамызынан бастап қайта басталады.
[2023-07-31]