"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.07.23 15:03
/KASE, 28.07.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01
шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 134 109 548 дана;
- компанияның 125 809 548 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ болып табылады.
[2023-07-28]