28 шілдеден бастап KASE-де Bank of America Corporation US0605051046
(Bac_kz) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
27.07.23 17:42
/KASE, 27.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
28 шілдесінен бастап KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге
асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 01 қыркүйегіне және одан
кейінгі күндерге келетін репо операциялары бойынша Bank of America
Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 01 қыркүйегінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 04 қыркүйегінен
бастап қайта басталады.
[2023-07-27]