28 шілдеден бастап KASE-де Johnson&Johnson US4781601046 (JNJ_KZ)
жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
27.07.23 17:29
/KASE, 27.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28
шілдесінен бастап KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге
асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 28 тамызына және одан
кейінгі күндерге келетін репо операциялары бойынша Johnson&Johnson
(АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен
сауда-саттық KASE-де тоқтатылатыны жөнінде хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 28 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 31 тамызынан
бастап қайта басталады.
[2023-07-27]