28 шілдеден бастап KASE-де IBM corp US4592001014 (IBM_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
27.07.23 17:21
/KASE, 27.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
28 шілдесінен бастап KASE-де репо операциялары бойынша, олар
бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын
және есеп айырысу күні 2023 жылдың 10 тамызына және одан кейінгі
күндерге келетін IBM corp (АҚШ) US4592001014 ("KASE Global" секторы,
IBM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 10 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 14 тамызынан
бастап қайта басталады.
[2023-07-27]