"AltynEx Company" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
27.07.23 16:10
/KASE, 27.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "AltynEx Company" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 123 333 дана,
артықшылықты акциялар саны – 24 666 дана;
- компанияның барлық жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға А.Р.Сарсенов болып табылады.
[2023-07-27]