24 шілдеден бастап KASE-де Texas Instruments Inc US8825081040 (TXN_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
21.07.23 17:28
/KASE, 21.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 24 шілдесінен
бастап KASE-де Texas Instruments Inc (АҚШ) US8825081040 ("KASE Global"
секторы, TXN_KZ) репо операциялары бойынша, олар бойынша KASE орталық
контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың
31 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың
31 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 02 тамызынан бастап
қайта басталады.
[2023-07-21]