/KASE, 17.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Қаражыра" АҚ (Семей) KASE-ге 2023 жылдың 11 тамызында сағат 10:00-де
мынадай күн тәртібімен оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатынын
хабарлады:
- акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
- компанияның 2022 жылғы жылдық (шоғырландырылған және
шоғырландырылмаған) қаржылық есептілігін бекіту туралы;
- өткен 2022 қаржы жылындағы компанияның таза табысын бөлу тәртібін
және компанияның бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін
айқындау туралы;
- акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс
әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы;
- компания акционерлеріне компанияның Директорлар кеңесі мүшелері
мен атқарушы органы сыйақысының мөлшері мен құрамы жөнінде
ақпарат беру туралы;
- компанияның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы есебі;
- Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін
сайлау, Директорлар кеңесінің мүшелеріне міндеттерін орындағаны үшін
сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау
туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылған
–
https://kase.kz/files/emitters/KZHR/kzhr_special_shareholders_meeting_info_110823_77.pdf
[2023-07-17]