/KASE, 11.07.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) KASE-ге 2023 жылдың
10 тамызында сағат 12:00-де мынадай күн тәртібімен оның акционерлерінің
кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын хабарлады:
- банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін
бекіту;
- банктің 2020 жылдың 20 қарашасындағы "АТФБанк" АҚ жай акцияларын
атып алу-сату шартына оны жасауға мүдделілік бар мәміле, сондай-ақ
банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың қатысуымен
жасалатын мәміле болып табылатын № 3 қосымша келісім жасасуы;
- банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын
тоқтату;
- банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін
айқындау;
- банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны
үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшерін және шарттарын
айқындау;
- банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
Жиналыс туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_relizs_100723.pdf
[2023-07-11]