KASE Листингілік комиссиясы "Вивус" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00009814 (MFVSpp1) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
04.07.23 11:00
/KASE, 04.07.23/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы
(KASE) 2023 жылдың 04 шілдесінде "Вивус" Микроқаржы ұйымы "ЖШС (Астана)
KZ2P00009814 (500 теңге, 5,0 млрд теңге, 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық
7,50%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру"
алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға MFVSpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік
комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2023-07-04]