/KASE, 29.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
30 маусымынан бастап ICD Eagle limited жеке секторды дамыту жөніндегі
Ислам корпорациясының кепілдігімен (сенім сертификаттарының тиісті
сериясы портфелі шеңберінде туындайтын төлем міндеттемелеріне
қатысты) шығарылған XS2624614751 ("халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" секторы, ICD_e1; 2,0 млрд теңге; 21.06.23-21.06.28,
жартыжылдық төлемдер, жылдық 14,95% мерзімді төлемдер ставкасы;
30/360) сенім сертификаттарымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын
хабарлайд.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген сенім сертификаттарының баға
белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген сенім
сертификатының "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін
белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған сенім сертификаттарының шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/ICD_e1/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-06-29]