26 маусымнан бастап KASE-де Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
26.06.23 12:39
/KASE, 26.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 маусымынан
бастап, KASE олармен жасалған репо операциялар бойынша орталық контрагент
функцияларын атқаратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 14 шілдесіне және
одан кейінгі күндерге сәйкес келетін Freeport-McMoRan (АҚШ) US35671D8570
("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты
тоқтататынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 14 шілдесінде
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2023 жылдың 17 шілдесінен бастап
қайта басталады.
[2023-06-26]