Қазақстан қор биржасында жазылым жүргізу арқылы ICD Eagle Limited өзінің XS2624614751 (ICD_e1) сенім сертификаттарын мерзімді төлем мөлшерлемесі жылдық 14,95 %-бен орналастыра отырып, 2,0 млрд теңге тартты
21.06.23 12:07
/KASE, 21.06.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылғы 15 маусымда
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жеке секторды
дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының кепілдігімен шығарылған (сенім
сертификаттарының тиісті сериясы портфелі шеңберінде туындайтын төлем
міндеттемелеріне қатысты), Icd Eagle Limited XS2624614751 ("халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ICD_e1; 2,0 млрд теңге;
21.06.23 – 21.06.28, жартыжылдық төлемдер, мерзімді төлемдер мөлшерлемесі
жылдық 14,95 %; 30/360) сенім сертификаттарына жазылу арқылы бастапқы
орналастыру жүргізілді.
Аталған сенім сертификаттарының андеррайтері "Tengri Partners Investment
Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 15 маусымында Астана
қаласы уақытымен сағат 9:30-дан 12:00-ге дейін жүргізілді.
Орналастыруға номиналды көлемі 2 239 500 000 теңге болатын сенім сертификаттары
ұсынылды. Жазылым шеңберінде шектелімді және нарықтық өтінімдер қабылданды.
Баға ретінде өтінімде екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен жылдық пайызбен
көрсетілген мерзімді төлемдер мөлшерлемесінің мәні, қаржы құралдарының саны
ретінде теңгедегі номиналды көлем көрсетілді. Сатып алушылар үшін берілген
өтінімдердегі сенім сертификаттарының максималды санына шектелімдер жазылу
шарттарымен белгіленбеген.
Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы
2 000,0 млн теңге көлемінде бір шектелімді өтінім берілді, ол өтінімдерді
жинау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген өтінімдегі мерзімді
төлемдер мөлшерлемесі жылдық 14,95 % құрады. Ұсынысқа сұраныс 89,3 % құрады.
Орналастыру нәтижелері бойынша өтінім толық көлемде қанағаттандырылды.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес
аталған сенім сертификаттарына жазылу нәтижелері бойынша мәміле осы ақпарат
жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды.
[2023-06-21]