/KASE, 16.06.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2023 жылдың 02 маусымында жеке секторды дамыту
жөніндегі Ислам корпорациясының кепілдігімен шығарылған сенім
сертификаттарының тиісті сериясының портфелі шеңберінде туындайтын
төлем міндеттемелеріне қатысты ICD Eagle Limited XS2624614751 (ICD_e1;
2,0 млрд теңге; 21.06.23 – 21.06.28, жартыжылдық төлемдер, жылдық
14,95% мерзімді төлемдер мөлшерлемесі; 30/360) сенім сертификаттарын,
KASE ресми тізімінің" халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
" секторына енгізуге келісім берді.
Аталған Траст сертификаттарына рұқсаттама бастамашысы "Tengri
Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 16 маусымнан бастап күшіне енді.
KASE-де көрсетілген сенім сертификаттарымен сауда-саттықтың ашылғаны
туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған сенім сертификаттарының шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/ICD_e1/
[2023-06-16]