16 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасы Verizon Communications Inc. US92343V1044 (VZ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
15.06.23 17:25
/KASE, 15.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 16 маусымынан
бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын
репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 10 шілдесіне
және одан кейінгі күндерге тиесілі Verizon Communications Inc. (АҚШ)
US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатыла тұратынын екенін хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 10 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 12 шілдесінен
бастап қайта басталады.
[2023-06-15]