16 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасы US20825C1045 (COP_KZ) ConocoPhillips жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
15.06.23 16:29
/KASE, 15.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 16 маусымынан
бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын
репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 27 маусымына
және одан кейінгі күндерге тиесілі ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE
Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын
екенін хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың
27 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 29 маусымынан
бастап қайта басталады.
[2023-06-15]