/KASE, 09.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Акбакай Голд Ресорсиз" АҚ (Алматы) жалғыз акционердің
2023 жылдың 29 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 2022 жылғы таза табыстың болмауына байланысты компанияның 2022 жылғы жай
акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін.
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/AGRC/agrc_special_shareholders_meeting_results_290523_19.pdf
[2023-06-09]