/KASE, 05.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) (Ұлытау обл.),
өзінің жалғыз акционерінің 2023 жылдың 30 мамырындағы шешімдері туралы
KASE-ге хабарлады.
Акционер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі (жеке және
шоғырландырылған) бекітілсін;
- компанияның 2022 жылғы таза пайдасының болмауына байланысты жай
акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KMCP/kmcp_special_shareholders_meeting_results_300523_10.pdf
[2023-06-05]