KASE Басқармасы XS2624614751 ICD Eagle Limited шығарылуы жоспарланған сенім сертификаттарын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді
05.06.23 12:05
/KASE, 05.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2023 жылдың
02 маусымындағы шешімімен XS2624614751 ICD Eagle Limited шығарылуы
жоспарланған сенім сертификаттарын Ислам корпорациясының жеке секторды
дамыту жөніндегі кепілдігімен (сенім сертификаттарының тиісті сериясының
портфелі шеңберінде туындайтын төлем міндеттемелеріне қатысты) KASE ресми
тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына
енгізуге келісім берілді.
Аталған сертификаттарға рұқсат берудің бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
KASE-де көрсетілген сертификаттармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған сертификаттардың шығарылуы туралы толығырақ ақпарат KASE Басқармасының
осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.
[2023-06-05]