/KASE, 01.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Freedom Finance Life" Өмірді сақтандыру компаниясы"
АҚ (Алматы) компанияның 2022 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша
аудиторлық есебін KASE-ге ұсынды.
2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
----------------------------------------------
31.12.22 31.12.21
Көрсеткіш ж.б. ж.б.
----------------------- ----------- ----------
Меншікті капитал 21 729 146 12 897 779
Жиынтық активтер 107 094 972 94 241 175
Жиынтық міндеттемелер 85 365 826 81 343 396
Таза пайда (таза шығын) 10 044 301 5 298 711
ROA, % 9,38 5,62
ROE, % 46,23 41,08
----------------------------------------------
Компанияның 2022 жылға қаржылық есеп берушілігінің аудитін
"Делойт" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес қаржылық есеп
берушілік 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Freedom
Finance Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның қаржылық жағдайын,
сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС сәйкес көрсетілген күні
аяқталған жылдағы ақша қаражатының қозғалысын барлық маңызды
қатынастарда сенімді көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/ASLF/aslff6_2021_rus.pdf
[2023-06-01]