/KASE, 01.06.23, 30.05.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE)
"Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE
ішкі құжатына сәйкес 2023 жылдың маусым айына Биржада айналысқа жіберілген
акциялар, депозитарлық қолхаттар және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының
өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының тізімдерін (бұдан әрі –
Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар комитетімен (Комитет)
2023 жылдың 23 мамырындағы шешімімен бекітілген және KASE ішкі құжаттарының
нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану мақсатында қалыптастырылған.
2023 жылдың 01 және 30 маусымы аралығында әрекет ететін өтімділіктің бірінші
класты бағалы қағаздар тізіміне 44 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2023
жылдың мамыр айына құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының
қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге мыналар енгізілді:
1) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF, SPDR Series Trust инвестициялық
қоры шығарған US78468R6633 пайлары ("инвестициялық қордың бағалы қағаздары"
секторы, US_BIL_);
2) "Қазақтелеком"АҚ KZ0009094645 артықшылықты акциялары (KASE негізгі алаңы,
"премиум" санаты, KZTKp);
3) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИПИҚ KZPF00000140
пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc).
2023 жылдың мамыр айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы
тізімінен шығарылды:
1) American Airlines US02376R1023 жай акциялары ("KASE Global" секторы, AAL_KZ);
2) "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы –
"ЦентрКредит-валюталық" ИПИҚ KZPF00000058 пайлары ("инвестициялық қорлардың
бағалы қағаздары" секторы, BCCI_cc);
3) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 жай акциялары ("KASE Global" секторы,
XOM_KZ);
4) "Қазақстан қор биржасы" АҚ KZ1C00001213 жай акциялары ("Листингңлік емес
бағалы қағаздар" секторы, KASE);
5) "Баян Сулу" АҚ KZ1C00000165 (жай акциялары, KASE негізгі алаңы, "стандарт"
санаты, BSUL) АО;
6) Johnson & Johnson US4781601046 жай акциялары ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ);
7) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИПИҚ KZPF00000132
пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag);
8) Citigroup Inc. US1729674242 жай акциялары ("KASE Global" секторы, C_KZ).
2023 жылдың маусым айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының
бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_jun.pdf
2023 жылдың мамыр айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының
бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_may.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2023-06-01]