"Қазақстан қор биржасы" АҚ 2023 жылдың 30 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлайды
30.05.23 11:39
/KASE, 30.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – Биржа) 2023 жылдың
30 мамырында Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткенін хабарлайды,
онда мынадай шешімдер қабылданды:
1. "Биржаның 2022 жылдағы қызметі туралы" есеп және "2022 жылдағы тұрақты даму
туралы" есеп назарға алынсын.
2. Тәуелсіз аудитордың есебімен Биржаның 2022 жылға жеке және шоғырландырылған
жылдық қаржылық есеп берушілігі бекітілсін.
3. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Биржаның жай акциялары бойынша дивидендтер
төлемеу және Биржаның 2022 жылдағы таза кірісін (пайдасын) Биржаны дамытуға
бағыттау.
4. "BDO Qazaqstan" ЖШС Биржаның 2023 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық
есеп берушілігіне аудит жүргізу мақсатында Биржаның аудиторлық ұйымы болып
белгіленсін.
5. 2022 жылы акционерлердің Биржаның және оның лауазымды адамдарының қызметіне
оның қызметі мәселелері бойынша шағымдары болмауы туралы ақпарат назарға
алынсын.
6. Биржаның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің 2022 жылға сыйақысының
мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
7. 2022 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша Биржаның Директорлар кеңесінің
мүшелеріне жылдық сыйлықақы төленсін.
8. Биржа Жарғысына № 6 өзгертулер мен толықтырулар бекітілсін.
[2023-05-30]