29 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында NVIDIA Corp. US67066G1040 (NVDA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
29.05.23 09:34
/KASE, 29.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 29 мамырынан
бастап, олар бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын
репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 08 маусымына және
одан кейінгі күндерге келетін, NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global"
секторы, NVDA_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес
KASE-де 2023 жылдың 08 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу
үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 12 маусымынан бастап
қайта басталады.
[2023-05-29]