18 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында M&T Bank Corporation US55261F1049 (MTB_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
18.05.23 09:47
/KASE, 18.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 18 мамырдан бастап,
олар бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо
операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 01 маусымына және одан
кейінгі күндерге келетін, M&T Bank Corporation (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global"
секторы, MTB_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес
KASE-де 2023 жылдың 01 маусымда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу
үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 05 маусымынан бастап
қайта басталады.
[2023-05-18]