05 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында NIKE, Inc. (NKE_KZ) US6541061031 жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
05.05.23 11:11
/KASE, 05.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 05 мамырынан бастап,
KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо
операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 05 маусымына және
одан кейінгі күндерге келетін, Nike, Inc АҚШ) US6541061031 ("KASE Global"
секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың
05 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2023 жылдың 07 маусымынан бастап
қайта басталады.
[2023-05-05]