02 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Texas Instruments Inc. Corporation US8825081040 (TXN_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
28.04.23 17:31
/KASE, 28.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 02 мамырынан бастап
KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо
операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 08 мамырында және
одан кейінгі күндерге келетін Texas Instruments Inc. (АҚШ) US8825081040
(сектор "KASE Global", TXN_KZ) жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын
хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың
08 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 10 маусымынан бастап
қайта басталады.
[2023-04-28]