02 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
28.04.23 17:29
/KASE, 28.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 02 мамырынан бастап
KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо
операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 01 маусымда және одан
кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 (сектор "KASE Global",
NEM_KZ) жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың 01 маусымында
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 05 маусымынан бастап
қайта басталады.
[2023-04-28]