"Маңғистаумұнайгаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
24.04.23 17:19
/KASE, 24.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Маңғистаумұнайгаз" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 107 856 540 дана,
артықшылықты акциялар саны – 1 089 460 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға MANGISTAU INVESTMENTS B.V. болып табылады, оның
меншігінде 107 861 935 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы
санынан 99,00 %) соның ішінде компанияның 107 856 540 жай акциясы (компанияның
орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00 %) және 5 395 артықшылықты
акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан
0,50 %) бар.
[2023-04-24]