24 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
21.04.23 12:15
/KASE, 21.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылғы 24 сәуірінен бастап
KASE олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын және есеп
айырысу күні 2023 жылдың 23 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін Johnson
& Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылғы 23 мамырда
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылады.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 25 мамырынан бастап
қайта басталады.
[2023-04-21]