14 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
13.04.23 16:31
/KASE, 13.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 14 сәуірінден
бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын
репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 24 сәуіріне және
одан кейінгі күндерге келетін, Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE Global"
секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 24 сәуірінде
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 26 сәуірінен бастап
қайта басталады.
[2023-04-13]