KASE Директорлар кеңесі артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес "KASE клирингтік орталығы" АҚның орналастырылып жатқан акцияларының 100 % сатып алуды мақұлдады
11.04.23 09:33
/KASE, 11.04.23/ – 2023 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан қор биржасының
(KASE, немесе Биржа) Директорлар кеңесі Биржаның артықшылықпен
сатып алу құқығына сәйкес "KASE клирингтік орталығы" АҚның
орналастырылып жатқан акцияларының 100 % сатып алуын мынадай
шарттармен мақұлдады:
- бағалы қағаздардың саны мен түрі – 476 жай акция;
- акцияның бағасы – 3 252 210,01 теңге.
[2023-04-11]