10 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Citigroup Inc. US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
07.04.23 17:26
/KASE, 07.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 10 сәуірінен
бастап KASE олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо
операциялары және есеп айырысу күні 2023 жылдың 12 мамырына және одан кейінгі
күндерге келетін Citigroup Inc. (США) US17296742424 ("KASE Global" секторы,
C_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес
KASE-де 2023 жылдың 01 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу
үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылады.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 03 мамырынан бастап
қайта басталады.
[2023-04-07]