10 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
07.04.23 17:25
/KASE, 07.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 10 сәуірінен
бастап KASE олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо
операциялары және есеп айырысу күні 2023 жылдың 12 мамырына және одан кейінгі
күндерге келетін Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 ("KASE Global"
секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2023 жылдың 12 мамырында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылады.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 15 мамырынан бастап
қайта басталады.
[2023-04-07]