04 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында AT&T Inc. US00206R1023 (T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
04.04.23 09:23
/KASE, 04.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 04 сәуірінен бастап
KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо
операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 10 сәуіріне және одан
кейінгі күндерге келетін, AT&T Inc. (АҚШ)US00206R1023 ("KASE Global" секторы,
T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын KASE-де хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 10 сәуірінде
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 12 сәуірінен бастап
қайта басталады.
[2023-04-04]