/KASE, 04.04.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "YURTA" Инвестициялық
Қаржы Үйі "АҚ (Алматы) KZ1C00000256 (KASE баламалы алаңы, "акциялар"
секторы, IFDR) жай акцияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана
қ. уақыты) сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: жай акциялар акции
ISIN: KZ1C00000256
KASE сауда-саттық коды: IFDR
Акциялардың жалпы саны, дана:
- жарияланған: 600 000
- айналыстағы: 371 637
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні: 04.04.23
Жарияланған сатып алу көлемі, дана.: 371 637
Лот мөлшері, дана.: 1
Сауда-саттық заты: акцияның бағасы
Сатып алуға өтінімдердің түрлері: шектелімді
Өтініш беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 10:00–11:00
Өтінімдерді растау кезеңі: 11:00–11:00
Кесімдеу уақыты: 12:00 (Т+0)
Есеп айырысу күні мен уақыты: 04.04.23, 12:00
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан жоғары өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Еуразиялық Капитал" АҚ
--------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде теңгемен көрсетілген бір акцияның құны үтірден
кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде акциялардың саны көрсетілуі
тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген
болуы тиіс.
Өтінім көлемі теңгемен көрсетілген акциялардың бағасы мен санының үтірден
кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көбейтіндісіне тең болуы тиіс.
Мәміле көлемі теңгемен көрсетілген акциялар бағасы мен санының
көбейтіндісіне тең болуы тиіс, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейінгі
дәлдікпен.
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның
ережелер жинтығына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатушы
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-дағы өз шотында өтінім
беру уақытының кестесінде көрсетілген бағалы қағаздардың болуын
қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі
http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Аталған акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
http://kase.kz/ru/shares/show/IFDR/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-04-04]