KASE Листингілік комиссиясы "Finaccord Limited" жеке компаниясының KZ2D00009651 (FNACpp3) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
03.04.23 16:46
/KASE, 03.04.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы
2023 жылдың 03 сәуірінде "Finaccord Limited" жеке компаниясының (Астана)
KZ2D00009651 ($100 000, $200,0 млн, 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 5,50%;
30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға FNACpp3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік
комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2023-04-03]