03 СӘУІРДЕН БАСТАП KASE "БИРЖАЛЫҚ СИМУЛЯТОР" БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУ САУДА-САТТЫҒЫН БАСТАЙДЫ

03.04.23 10:18
/KASE, 03.04.23, 28.03.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 сәуірінде "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда- саттықтарының ресми ашылу рәсімі өтетінін хабарлайды. Оқу сауда-саттықтары екі кезеңде өткізілетін болады: - бірінші кезең – 2023 жылдың 03 сәуірінен 31 мамырына дейін; - екінші кезең – 2023 жылдың 02 қазанынан 30 қарашасына дейін. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. Жоба шеңберінде сауда-саттыққа қатысушыларға 60-тан астам қаржы құралы қолжетімді болады: KASE Индексінің өкілеттік тізімінің акциялары, шетелдік эмитенттердің акциялары, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары. KASE Mobile мобильді қосымшасын Google Play немесе App Store дүкенінен жүктеу арқылы оқу сауда-саттығына қатысуға болады. Тіркелу үшін электрондық нысанды толтыру қажет – https://kase.kz/ru/exchange-simulator/registration/ Жобаға қатысу мәселелері бойынша электрондық пошта мекен-жайларына хабарласуыңызды сұраймыз bs@kase.kz немесе customers@kase.kz. "Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат https://kase.kz/ru/events/show/2023/KASE_simulator_2023/ сілтемесі бойынша қолжетімді. [2023-04-03]