31 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында US5951121038 (MU_KZ) Micron Technology, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
31.03.23 09:31
/KASE, 31.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31 наурызынан
бастап репо операциялары бойынша, KASE олар бойынша орталық контрагенттің
функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 10 сәуіріне
және одан кейінгі күндерге келетін, Micron Technology, Inc. (АҚШ) US5951121038
("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акцияларымен KASE-дегі сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 10 сәуірінде
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 12 сәуірінен
бастап қайта басталады.
[2023-03-31]