KASE 2023 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

29.03.23 16:25
/KASE, 29.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2023 жылдың сәуір айына Биржада айналысқа жіберілген акциялар, депозитарлық қолхаттар және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар комитетімен (Комитет) 2023 жылдың 24 наурызындағы шешімімен бекітілген және KASE ішкі құжаттарының нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану мақсатында қалыптастырылған. 2023 жылдың 01 және 30 сәуірі аралығында әрекет ететін өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 44 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2023 жылдың ақпанында құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге мыналар енгізілді: 1) "ЛОТТЕ Рахат" АҚ KZ000A1CTMZ4 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RAHT) жай акциялары; 2) Citigroup Inc. US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) жай акциялары. 2023 жылдың ақпан айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы тізімінен шығарылды: 1) Yandex N.V. NL0009805522 (NL_YNDX) жай акциялары; 2) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) пайлары; 3) Microsoft Corporation US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акциялары; 4) "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит-валюталық" ИИПҚ KZPF00000058 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCI_cc) пайлары; 5) NOSTRUM OIL & GAS PLC GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) жай акциялары; 6) "СНПС - Ақтөбемұнайгаз" АҚ KZ0009093902 ("Листингтік емес бағалы қағаздар" секторы, AMGZp) артықшылықты акциялары; 7) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) пайлары; 8) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИИПҚ KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc) пайлары. 2023 жылдың сәуір айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_apr.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. 2023 жылдың наурыз айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші сыныптарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_mar.pd сілтемесі бойынша жарияланған. Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-03-29]