/KASE, 28.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 сәуірінде
"Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттықтарының ресми ашылу
рәсімі өтетінін хабарлайды.
Оқу сауда-саттықтары екі кезеңде өткізілетін болады:
- бірінші кезең – 2023 жылдың 03 сәуірінен 31 мамырына дейін;
- екінші кезең – 2023 жылдың 02 қазанынан 30 қарашасына дейін.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық
сауаттылығын арттыру болып табылады. Жоба шеңберінде сауда-саттыққа қатысушыларға
60-тан астам қаржы құралы қолжетімді болады: KASE Индексінің өкілеттік тізімінің
акциялары, шетелдік эмитенттердің акциялары, сондай-ақ инвестициялық қорлардың
бағалы қағаздары.
KASE Mobile мобильді қосымшасын Google Play немесе App Store дүкенінен жүктеу
арқылы оқу сауда-саттығына қатысуға болады.
Тіркелу үшін электрондық нысанды толтыру қажет –
https://kase.kz/ru/exchange-simulator/registration/
Жобаға қатысу мәселелері бойынша электрондық пошта мекен-жайларына
хабарласуыңызды сұраймыз bs@kase.kz немесе customers@kase.kz.
"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат
https://kase.kz/ru/events/show/2023/KASE_simulator_2023/ сілтемесі бойынша
қолжетімді.
[2023-03-28]