07 наурыздан бастап ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттықтары тоқтатылды.
07.03.23 09:46
/KASE, 07.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 07 наурызынан
бастап, KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын репо
операциялары бойынша жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың
07 сәуіріне және одан кейінгі күндерге келетін, ConocoPhillips (АҚШ)
US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2023 жылдың 29 наурызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 31 наурызынан
бастап қайта басталады.
[2023-03-07]