28 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
28.02.23 09:42
/KASE, 28.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28 ақпанынан
бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары
бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 09 наурызына және одан кейінгі
күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 ("KASE Global" секторы,
NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 109наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 13 наурызынан бастап
қайта басталады.
[2023-02-28]