28 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Macy's US55616P1049 (M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
28.02.23 09:41
/KASE, 28.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28 ақпанынан
бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо
операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 15 наурызына
және одан кейінгі күндерге келетін Macy's (АҚШ) US55616P1049 ("KASE
Global" секторы, M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 15 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 17 наурызынан
бастап қайта басталады.
[2023-02-28]