24 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында NVIDIA Corp. US67066G1040 (NVDA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
24.02.23 09:50
/KASE, 24.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
24 ақпанцынан бастап, олар бойынша KASE орталық контрагенттің
функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп
айырысу күні 2023 жылдың 08 наурызына және одан кейінгі күндерге
келетін, NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы,
NVDA_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының
10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 08 наурызда көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың
10 наурызынан бастап қайта басталады.
[2023-02-24]