23 ақпаннан бастап KLA Corporation US4824801009 (KLAC_KZ) жай акциялары рұқсаттама бастамашысының бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылады
22.02.23 15:04
/KASE, 22.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен
2023 жылдың 23 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінен KLA Corporation (АҚШ)
US4824801009 ("KASE Global" секторы, KLAC_KZ) жай акциялары шығарылды.
Бұл шешім KASE-де көрсетілген акциялардың рұқсаттама бастамашысы болып
табылатын "Tansar Capital" АҚ (бұрынғы атауы – "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ)
ерікті делистинг туралы өтініші негізінде қабылданды.
Аталған акциялар 2022 жылдың 24 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің
"KASE Global" секторына енгізілді. Олармен сауда-саттық ашылған жоқ.
[2023-02-22]